«2 қаңтар күні таңғы сағат алтылар шамасында Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне телефон арқылы «Шереметьев-Астана» бағытындағы әуе кемесінің бортында тиісті ереже бұзушының бар екендігі жөнінде хабарлама келіп түсті», делінген хабарламада.
Тексеру барысында Өзбекстан азаматының ұшақтың әжетханасында шылым шеккені анықталды. Бұдан соң ол бортсеріктің актісі негізінде рейстен түсірілді.
Осы факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсталған азаматқа ҚР ӘҚК-нің 441-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес, 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.