Астана әуежайында жолаушылардың қол жүктерін үйіп әкеле салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фэйсбук пайдаланушысы Abzal Saparbekuly парақшасында Астананың халықаралық әуежай қызметкерлері әрекетіне көңілі толмаған жолаушыларға қатысты видео жария етті.

Ұшақтан түскен жолаушыларға қол жүктерін үлкен арбаға қалай болса солай салып әкеле салғаны ұнамаған. Олар қызметкерлерге өз шабадандары мен сөмкелерін тауып алу үшін жүкті реттеп тапсыруын талап етті.