Астанадағы әуежайдың жабылу күндері мен уақыты туралы ақпаратты өкілетті мемлекеттік ведомстволар таратады. Ұшып кету және ұшып келу туралы жедел ақпарат алу үшін Брондау және ақпарат орталығының 7 (727) 244 44 77 телефонына хабарласу арқылы немесе әуекомпания сайтындағы Ұшып келу/Ұшып кету мәзірінен білуге болады.
15:36, 20 Тамыз 2010
Астана әуежайының жабылуына орай белгіленген сағаттарында рейстер кестесіне өзгерістер енгізіледі - «Эйр Астана»
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуекомпаниясы тамыздың 18-і мен 30-ы аралығында кейбір күндерде, белгіленген сағаттарда Конституция күніне әскери шерудің дайындалуына орай Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың жабылуына байланысты Астанаға келетін және Астанадан ұшатын рейстер кестесінде өзгерістер болатыны туралы ақпарат таратты.