Астана аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат – жалған

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жалған.

Фото: Астана ПД

Қала әкімдігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1 - 5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елдімекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеу қойылмаған. Астана қаласының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауаптылық көзделетінін ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады», - делінген хабарламада.