Астана ауруханасына екінші қабаттан құлаған жұмыскер жеткізілді - ҚР ТЖМ
08:25, 29 Маусым 2012
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Астана қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында биіктіктен жұмысшы құлап кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Бүгін түнгі сағат 3-те Астанада «Астана - Өңірлік электржелілері компаниясы» АҚ кеңсесінің құрылысын жүргізу барысында «НС» ЖШС-нің 23 жастағы монолитшісі екінші қабаттан құлап кетті. Жұмыскер ауруханаға жеткізілді.