Астана автобустарында 1 мыңнан астам жүргізуші жетіспейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - City Transportation Systems компаниясы елордада жүргізуші тапшылығы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласында қоғамдық көлікте 1511 жүргізуші жұмыс істейді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда тағы 1012 жүргізуші қажет.

Автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптар:
- «D» және «DЕ» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігі;
- Жасы 25-тен төмен емес;
- Жалпы еңбек өтілі - 5 жыл;
– Қоғамдық көлікте (автобуста) жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Қоғамдық көлік жүргізушісі болып жұмысқа орналасу мәселесімен Астана қаласының автобус парктеріне хабарласуға болады.