Астана автобустарында электронды тақта орнатылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада болашақта қалалық автобустарда электронды табло орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы елорданың ресми сайтында хабарланды.

«Бұл машруттардың нөмірі мен негізгі аялдамалар көрсетілген трафареттерден бас тартуға мүмкіндік береді және жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді. Жүргізуші қажет болған жағдайда маршруттың нөмірін және басқа да ақпаратты таблоға өз бетінше шығара алатын болады», - деді Жолаушылар тасымалы орталығының директоры Бақытжан Ертаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астанада ілкі жоба аясында он автобуста бейнебақылау камерасы мен «дабыл» түймесі орнатылған. Бұл салондағы, жолдағы жағдайды бақылауға, ал дау-дамай туындағанда, қауіп-қатерлерде (лаңкестік әрекеттер, ұрлық және т.б.) жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.