«Аялдамаларға электронды кітапханалар орната бастадық. Алғашқы кітапхананы Хан Шатыр аялдамасына қойдық», - деп жазды Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өзінің Фейсбуктегі парақшасына.
Оның айтуынша, кітаптар үш тілде қолжетімді. Олар QR-код арқылы гаджеттерде оқылады.
«Астаналықтардың көбірек оқығанын қалаймын», - деді қала басшысы.