Кездесу кезінде аймақтағы велосипед спортының дамуы сөз болды. Д.Қалетаев Куксонды «Аstana proteam» командасының перспективасы мен биылғы жылдың басында тіркелген жаңа жоба - «Астана бипинк» әйелдер велокомандасы туралы хабардар етті.
Б.Куксон өз кезегінде қазақстандық велоспорт федерациясының бастамасына қолдау білдірді. Атап айтқанда, алдағы уақытта Астанада тас жолда және тректе өткізілетін Азия чемпионаты мен 2015 жылға жоспарланған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мен «Тур Алматы» веложарысын сәтті өтетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Б.Куксон Д.Қалетаевтың Астанада өтетін Азия чемпионатына мәртебелі мейман ретінде қатысу туралы ресми шақыруын қабыл алды.