Астана Азиядағы туризм қаласы мәртебесіне үміткер

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев Бахрейннің Манила қаласында өткен 12-ші Азиялық диалог кездесуіне қатысты. Бұл туралы аталмыш комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында «Азиялық туризмді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдаманың негізгі бөлімі Азиядағы туризм қаласын таңдауға арналып отыр.

Азиядағы туризм қаласы дәрежесін қай қалаға беру керектігін әр елдер бір жыл бұрын талқылайтын болады. Азияның 30-дан астам қалалары ішінен таңдалған шаһар белсенді түрде жарнамаланып, туризм саласында алға жылжытылатын болады.

2014 жылғы Азиядағы туризм қаласы болып Бахрейн астанасы Манила қаласы таңдалды.

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев болашақта Қазақстан астанасы да Азиядағы туризм қаласы дәрежесін алу үшін барлық күшін салатынын мәлім етті.