Жүз жыл бұрын Вольтер, барлық қарама-қайшылықтар әйел жүрегінде тоғысатынын айтқан еді. Гала концерт бағдарламасы да, классиктің осы пайымына қарай құрастырылған: эмоциялық қуаты әртүрлі нөмірлер нәзік жандылардың болмысының сан-алуан қырын ашады. Алолардың бәрін біріктіретін лейтмотив - көктем қарсаңындағы романтикалық көңіл-күй.
Концерттің бірінші бөлімінде Глюктің назды «Мелодиясын» солистер Айнұр Нүспекова мен Фархад Буриев орындайды.
Сондай-ақ балет өнерінің символына айналған Анна Павлованың құрметіне «Калифорниялық мак» биі орындалады. Петр Чайковскийдің музыкасына қойылған биде, балерина өмірдің баянсыздығын көктемгі гүлдің дірілдеген жапырақтары арқылы жеткізеді. Жел тұрса, олар үзіліп кетуге шақ. Бұл биді балет солистері Надежда Омарова мен Айнұр Әбілғазина орындайды.
Балеттің жетекші солистері Риза Қанатқызы мен Татьяна Тен «Diversity» балетінің партияларын көрсетеді. Пьетро Масканьидің алғашқы үзіндісі мәңгілік махаббаттың романтикалық ұраны іспетті, ал Массне музыкасына қойылған екінші үзінді испан әуендерінің екпінді ырғағына қарама-қайшы орындалады.
Аталған миниатюралардан бөлек, бірінші бөлімде, сонымен қатар Рахманинов, Гуно мен Минкус музыкасы әуелейді. Соңғы эпизод ретінде Морис Равельдің «Клеопатра» балетінің ақырғы сахнасы алынған.
Екінші бөлімде, Рикардо Амарантенің «A fuego Lento» бір актілі балеті көрсетіледі. Мұнда бойжеткен мен бозбаланың бас қосқан кезінде пайда болатын сезім толқынын көруге болады: бастапқы қызығушылықтан бастап, жан-тәніңді өртеген құмарлыққа дейін. Балеттің эмоциялық тұсын әсерлету үшін балетмейстер бразилиялық самбо биінің элементтерін қолданады.
Концерт елордада 8 және 9 наурыз күндері өтеді.