«Астана балет» Өзбекстанның Үлкен театрында алғаш рет өнер көрсетеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Өзбекстандағы Қазақстан жылының» аясында танымал «Астана балет» театрының ұжымы өздерінің үздік қойылымдары мен спектакльдерін тарту етпекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 тамызда Ә.Навоиатындағы Өздекстан Үлкен театрының сахнасында «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасымен «A Fuego Lento» бір актілі балеті көрсетіледі. Ал, тамыздың 24 мен 25 күндеріА.Меликовтің «Махаббат туралы аңыз» атты әйгілі шығармасы көрсетіледі. Бұлбалеттің Нұр-Сұлтандағы премьерасы зор қошеметпен қабылданды.

«Ташкент қаласынаалғашқы гастролін »Астана балет« театры » Ұлы Дала мұрасы«бағдарламасымен ашпақшы. Осы концерттік бағдарлама Қазақстан, Еуропа менАмериканың ірі қалаларында көрермен ықыласына бөленген болатын. Себебі, мұндаұлттық бояуы қанық халық биі ұлттық костюмдер мен музыкалық сүйемелдеумен үйлесімтапқан. Бұл дивертисмент Ұлы Даланың жылнамасына арналған, түрлі стильдежасалған хореографиялық миниатюралардан құралған», делінген хабарламада.

Хореографиясалтанатының шымылдығын «A Fuego Lento» бір актілі балеті жабады. Неоклассикамәнерінде жасалған спектакльді Бразилядан шақырылған хореограф Рикардо Амарантеқойған. Бұл балет – бразилиялық самбо мен танго мәнеріндегі би ғажайыбы. Бұлқойылымды көрермендер де, балет әртістері де өте ұнатады. Себебі, мұндақұштарлық сезімі, орындаушылықтың зор шыңы көрініс тапқан.

Гастрольдің қалғанкүндері аңызға айналған «Махаббат туралы аңыз» балеті көрсетілмек. Үшкөріністен тұратын балет бастапқыда Мариин театрында көрсетіліп, соңынан Үлкентеатр сахнасына ауысты. Қоюшы-хореограф Юрий Григорович. «Астана Балет»театрының сахнасына лайықтап, спектакльдің бүге-шүгесіне дейін, мейлінше дәлқойған Юрий Григоровичтің ассистенттері – Руслан Пронин мен Оксана Цветницкая.

Сюжет негізі – ежелгіпарсы аңызы. Апалы-сіңілілі Мехменэ Бану мен Шырын сарай суретшісі Фархатқағашық болып қалады. Бозбаланың көңілі Шырынға ауып, Мехменэ Банумен арадағықатынасы мүмкін болмайды. Себебі, бір кездері патшайым, сырқатқа шалдыққансіңілісін аман алып қалу үшін сұлулығын тәрк еткен. Сарайдан қашып кеткенғашықтарды сарбаздар қолға түсіреді. Фархат болса, халқының амандығы үшінмахаббатынан бас тартады.

«Астана балет»театры 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Театр ұжымыРесей, Қытай, АҚШ, Әзербайжан, Франция, Италия, Беларусь, Бельгия, Жапония менПольшаның әйгілі театрларында өнер көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар