«Астана балет» театры Талдықорғанда алғаш рет өнер көрсетті
Астана балеттің мың бұралған бишілері Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Петр Чайковскийдің бір актілі «серенадасын» шығарып, көрермендерді әсемдік пен сұлулық әлеміне бөледі. Талдықорғандықтармен бірге қойылымды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да тамашалады. Ішекті аспаптарға арналған серенада 48 шығармадан тұрады. Сонау АҚШ-та алғаш сахналанған қойылым жетісулықтардың көңілінен шықты.
«Астана балет» театрының өнерін тамашалап мәртебеміз, көңіліміз көтеріліп қалды.Біздің Қазақстанда осындай талантты жастарымыздың бар болғаны үшін қатты риза болдым. Киімдері де, өнерлері де керемет. Талантты жастарымыздың қатары арта берсін», деген жылы лебізін көрерменнің бірі Қалқа Балжанова білдірді.
Бишілерге Алматы облысы әкімінің, Мәдениет және спорт министрінің ықылас гүлдері табысталды.