«Астана Балетте» «Күлбике» балетінің премьерасы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желтоқсанның 20, 21 мен 22 күндері екі көріністі «Золушка» балеті қойылады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Астана Балетке» сілтеме жасап хабарлайды.

Премьераға дайындық екі ай бұрын басталған. Хореограф Надежда Калининаның айтуынша, «Золушка» - шығармашылық жолындағы ең күрделі жобаларының бірі.

«Бұл алғаш қойылып жатқан дүние. Хореография, декорация, костюмдер, бейне контент – осының бәрін ойдан шығарып, арнайы «Астана Балет» үшін дайындап, киімдерін тігіп жатырмыз. Адам баласы ертегіні қажетсінеді. Біздің мақсат отбасыңызбен бірге көретін, заманауи стильде жасалған, тартымды кейіпкерлері көп, әзілі бар жарқын спекткль жасау. Балетте комедия жанры мүлдем сирек қолданылады, өйткені, сахнада тентектің кейіпін сомдау, күлдіру өте күрделі. Ол үшін белгілі бір дәрежеде ішкі бостандық қажет», - дейді балетмейстер.

Күлше қыздың өгей әпкелері, олардың кавалерлері, Өгей Шеше, тіпті Ханзаданың өзіне қызықты хореографиялық репликалар қосылған.

Хореограф Надежда Калинина либреттоның да авторы. Декорация мен костюм суртешісі - танымал сценограф Сергей Новиков. Оның интерпретациясына сәйкес, балет оқиғасы Золушканың күнделігі ретінде өрбиді. Сол себепті, кітап тақырыбы спектакльдің өн бойынан сезіледі: декорацияда, кішігірім бутафория мен костюмдерде.

Алдағы премьераға театрдың балет труппасы түгел қатысады. Нақты ешкімнің есімін атаған жоқ, дегенмен бір нәрсе айқын. Басты партиялардың біріне әртістердің үш-төрт құрамын дайындап отыр.

Спектакль 20-желтоқсанда, сағат 19:30, ал, желтоқсанның 21, 22 күндері, сағат 18:00 басталады.