«Astana Ballet» Санкт-Петербургтағы XXII музыка фестиваліне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26-27 шілдеде Мариинский театрының тарихи сахнасында «Звезды белых ночей» атты XXII музыка фестивалінде «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы «ӘЛЕМ» бірактілі балетін ұсынады. Қоюшы-хореограф - белгілі ресей балетмейстері Никита Дмитриевский, деп хабарлады astanaballet.kz.

Ресей көрерменіне ұсынғалы отырған «ӘЛЕМ» балетінің премьерасы 27 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік пен Келісім сарайында үлкен табыспен өткен болатын. Никита Дмитриевскийдің хореографиясы өзекті әлемдік үдерістер мен қазақ би мәдениетінің дәстүрлі әуенінің үндестіре білді. Ұжым А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі түлектерінен тұрады. Театр репертуарында отандық және шетелдік хореографтардың 50-ден астам қойылымы бар. Алдағы уақытта Европа елдерінің астаналарына гастрольге шығу жоспарланып отыр, делінген хабарламада. «Бір жылдан аса тынымсыз еңбегіміз, Қазақстан мен шетелдегі көрермен алдындағы өнереміз бүгінде ұжымның біртұтас, бір актілі балетті сахналауға дайын екенін көрсетті», - деді «Astana Ballet»-тің атқарушы директоры Валерий Альбекович Күзембаев.

«Astana Ballet» хореографиялық ұжымы 2012 жылдың күз айында құрылған.