«Astana Ballet» театры өз көрермендері үшін есігін қайта ашады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Astana Ballet» театры демалыс кезеңінің аяқталып, қайта жұмысына кіріскенін хабарлады.

«Біз сіздерге театрдың демалыс күндері аяқталғанын және бүгіннен (10 тамыздан - ред.) жұмысқа қайта кірісе бастағанымызды қуана хабарлаймыз. Үшінші театр маусымына арналған жоспарларымыз туралы сіздерге сәл кейінірек хабарлаймыз. Әзірге көптеген көріністер, гастрольдер мен жаңа қойылымдар қойылатынына уәде бере аламыз», делінген хабарламада.