«Біздің Алматыға гастрольдік сапармен келуіміз заңды деп ойлаймын. Өйткені Алматы - өнер ордасы. Біздің барлығымыз Алматыда тәрбиелендік. Алғашқы сапарымыз Шығыс Қазақстан облысында болған еді. Өнеріміз Алматы халқының көңілінен шығады деген үміттемін», - деді «Astana Ballet» ұжымының бас балетмейстері Айгүл Тәти.
Театр труппасы бүгін Алматы жұртшылығы назарына қазақ, түрік, үнді, қытай билерін, әлемдік классиканың жасампаз жауһарлары: Н.Римский-Корсаковтың, К. Караевтың, А. Бородиннің, И. Стравинскийдің музыкаларына қойылған би композицияларын, ұлттық нақыштағы «Қарлығаш», «Жібектің түсі», «Құс жолы» хореографиялық композицияларын ұсынбақ.