Астана-Бангкок бағытында Sunday Airlines брендімен Boeing 757-200 ұшағы аптасына екі рет сәрсенбі және жексенбі күндері ұшады. Сапардың ұзақтығы - 7 сағат.
«Бангкок бағытындағы жаңа рейстің ашылуы компанияның Қазақстанның қалаларынан 7 сағаттық жердегі әлемнің ірі қалаларымен тікелей әуе қатынастарын дамыту бағдарламасы бойынша жасаған кезекті қадамы болып табылады. Сондай-ақ, бұл екі ел арасындағы іскерлік, мәдени және туристік сапарларға деген жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді», - деді «SCAT» әуе компаниясының президенті Владимир Денисов.
Айта кетейік, Бангкок халықаралық бағыттар желісіне енген Тайланд елінің екінші қаласы. Бес жылдан бері компания дәстүрлі түрде Астана мен Алматыдан Тайландтың Утапао халықаралық әуежайына маусымдық чартерлік рейстер орындап келеді.