«Астана» баскетбол академиясы жаттығуды тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» баскетбол клубы академияның жеке және топтық жаттығулары 2020 жылдың қыркүйек айына дейін тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Команда басшылығы бұл шешімді Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шараларға, сондай-ақ бұқаралық-спорттық шараларды өткізуге салынған тыйымға орай қабылданды», - делінген ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ақпаратында.

Мәлімдемеде бүгінде COVID-19 вирусының таралуын есепке ала отыра, академияның тәрбиеленушілері мен жаттығу штабы, сондай-ақ олардың жақындарының денсаулығы әлдеқайда маңызды екені атап өтілді.