Алдағы жексенбі, 21 сәуірде «Астана» Президенттік баскетбол клубы өз алаңында Красноярскінің «Енисей» баскетбол клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионаты аясындағы кезекті кездесуін өткізеді.
«Енисей» - Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы. 1981 жылы құрылған. Жетістіктері: Ресей суперлигасының Б дивизионы чемпионы (2006), Ресей кубогының қола жүлдегері (2011).
Биылғы маусымдағы түзде өткен ойында «Астана» «Енисейге» есе жіберіп алған болатын. Есеп - 93:84. Дәл қазір «Енисей» ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде тоғызыншы орынды иемденіп тұр. Олар 23 ойынның 9-ында жеңіске жетті. Ал елорда командасы, яғни «Астана» 24 ойынның 14-ін жеңіспен аяқтап, алтыншы орында тұр.
Ойын жексенбі күні «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Матчтың Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.
Фото: pbcastana.kz