Бұл туралы «Астана» баскетбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.
24 шілде күні Ригада ВТБ Лигасының кеңесі және Лиганың 2011-2012 жылғы маусымының жеребе тастау рәсімі өтті. «Астана» баскетбол» клубының биылдан бастап Лига аясында ойнайтынын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.
Лиганың тұрақты маусымында 18 клуб ойнайды, олар екі топта 2 айналымдық турнир өткізеді, өз алаңында және сыртқы алаңда ойнайды. Негізгі кестенің 16 қатысушысы анықталды. Олар -«Химка», ЦСКА, УНИКС, «Локомотив-Кубань», «Спартак», «Нижний Новгород» (барлығы - Ресей командалары), «Жальгирис», «Летувос Ритас» (екеуі де - Литва клубы), «Азовмаш», «Будивельник» (Украина), «Ассеко Проком» (Польша), ВЭФ (Латвия), «Калев» (Эстония), «Минск-2006» (Беларусь), «Нимбурк» (Чехия) және «Астана» (Қазақстан) командалары.
Лига кеңесінде ВТБ Біртұтас лигасына жаңадан қабылданған командалар - Украинаның «Будивельник» клубы мен ресейлік «Нижний Новгород». Тағы екі клуб «Красные Крылья», «Енисей» (Ресей), «Шяуляй» (Литва), «Днепр» (Украина), «Анвил» (Польша) және «Хонка» (Финляндия) клубтары қатысатын біліктілік турнирінің қорытындысы бойынша анықталады. Бұл турнир 27 шілде мен 2 қазанның аралығында Литваның Шауляй қаласында өтеді. Осы біліктілік турнирінің екі үздік клубы жарыстың негізгі кестесіне кіретін болады.
ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты маусымы 2011 жылы 10 қазанда басталып, 2012 жылы 16 наурызда аяқталады.
Өткен жеребеге сәйкес, «Астана» баскетбол клубы Лига чемпионатының 2011-2012 жылғы маусымында «А» тобында өнер көрсетеді. Бұл топқа «Химка», «Жальгирис», УНИКС, «Будивельник»,«Нижний Новгород», «Калев», ВЭФ клубтары кіріп отыр.