«Астана» баскетболшылары ригалық ВЭФ командасынан ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ВТБ Бірыңғай Лигасы матчында «Астана» сырт алаңда ригалық ВЭФ командасынан 93:94 есебімен ұтылып қалды.

«Астана» алғашқы екі кезеңде ВЭФ командасынан едәуір артта қалды. Екінші және үшінші кезеңдерде қазақстандықтар рижандықтардан күштірек ойын өрнегін көрсетті, деген бұл жеңіске жеткіліксіз болды.

«Астана» құрамынан 30 балл жинаған Кэнни Хэйс жақсы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ астаналықтар құрамында Патрик Калатес - 21 ұпаймен, Рүстем Яргалиев - 13 ұпаймен, Алексей Жуканенко - 12 ұпаймен, Анатолий Колесников - 10 ұпаймен, Павел Ильин - 6 ұпаймен, Антон Пономарев - 1 ұпаймен ерекшеленді.

14 қарашада «Астана» өз алаңында беларустің «Цмоки-Минск» командасын қабылдайды.