Астана басшылығы: Мектептердегі оқу уақытын өзгерту үшін заңға өзгерістер енгізілуі тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана басшылығы мектептердегі оқу уақытын өзгертуді ертелі кеш қолға алады. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Эльмира Суxанбердиеваның мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ата-аналар арасында сауалнама жүргізілуде, барлық тараптардың пікірі ескерілетін болады. Осылайша, мектептердегі оқу уақытын өзгертуден қалалық басшылық бас тартпайтындықтарын анық білдірді.

"Оқу уақытын өзгерту үшін заңға тиісті өзгертулер енгізілуі тиіс, типтік бағдарламаларға да соған сәйкес өзгертулер жасалады. Барлығы заң аясында іске асырылады", - деп атап өтті Э. Суxанбердиева.

"Қалалық білім басқармасының мәліметінше, қалада 200 мыңнан астам оқушы мен студент бар. Оның үстіне 30 мыңнан астам балабақша тәрбиеленушілерін қосыңыз. Сондықтан қалалық мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс тәртібін өзгерту қажеттілігі туындап отыр. Оның ішінде білім беру мекемелері де бар", - дейді "Астана LRT" компаниясының басшысы Талғат Ардан.

Айта кетейік, бұның алдында қала басшылығы 14 қыркүйектен бастап Астанадағы 17 мектептің оқушылары үшін бірінші сабақ таңғы 7:40-та басталады деп мәлім еткен болатын.

Алайда кейін Астана қаласының прокуратурасы бұл шешімді заңсыз деп тапты.