Алғашқы голды Джуниор Кабананга ойынның 70-минутында салса, 80-минутта Азат Нұрғалиев қақпашының қателігін пайдаланып "Астана" командасының басымдығын еселей түсірді.
Елордалық команда ойында аянып қалып жатқан жоқ. Үсті-үстіне шабуыл жасап, "БАТЭ" қақпасын торуылдауда.
Айта кетейік, кездесу "Астана Арена" стадионында өтіп жатыр. Екі ойынның нәтижесінде жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының топтық сынына жолдама алады.
Қарымта матч "Борисов-Аренада" 25 тамызда өтпек.
Еске салсақ, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астана" футбол клубын "Селтик" ығыстырған болатын.