«Астана Бәйтерек» ӘК: БҰҰ ҚК мүше­лігіне қабылдану - әлемдік қоғамдастықтың еліміз­дің қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесін жоғары бағалауы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Бәйтерек» әйелдер клубы ел Президенті Н.Ә.Назарбаев пен барша қазақстандықтарды еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды.

«Террорлық және радикалдық құбылыстар барлық елдер, бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін жаһандық қатер төндіреді.

Мемлекет басшысының бастамалары қашанда осы қатерлерді тек Орталық Азия өңірінде ғана емес, сондай-ақ, әлемдік ауқымда жоюға бағытталып келеді.

Президенттің аса маңызды тарихи бастамаларының бірі әлемдік қоғамдастықты жаһандық үнқатысу мен ынтымақтастықты дамытуға, милитаристік саясаттан бас тартуға және халықаралық ұйымдардың бітімгершілік рөлін күшейтуге шақыратын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі десек, қателеспейтініміз анық.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүше­лігіне қабылдануы әлемдік қоғамдастықтың еліміз­дің қауіпсіздікті сақтау мен бейбіт бастамалар жасау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалауы болып табылады», - деп жазылған құттықтауда.