«Қазіргі кезде талдау жасап, базарлардағы нитраттық өнімдерді анықтау шараларын жүргізудеміз. Осы сауда орындарында жұмыс істейтін зертханалармен өзара іс-қимылдарды іске асырудамыз. Атап айтқанда, нитраттар құлпынай мен шалғамда байқалды. Сондықтан да тиісті шаралар қабылданып жатыр»,-деді Асылбеков тілшілер сауалына жауап беру кезінде.
Сонымен қатар ол департамент қоғамдық тамақтану нысандарына рейдтер өткізіп тұратындығын жеткізді.
«Біз көпшілік тамақтанатын нысандарға мониторинг жүргізудеміз, яғни санитарлық талаптарға сәйкес болуы үшін мейрамханалар, дәмханаларды және қонақ үйлерді қамтудамыз. Бұл шаралар бірінші кезекте қала меймандары мен тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қажет. Ол үшін бүгінде аталған субъектілермен тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда персоналды қадағалау, азық-түлік өнімдерін бақылау шаралары ескерілген»,-деді ол.
Сөз соңында Н. Асылбеков 2015 жылдың 5 айында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет түрлі заң бұзушылықтар үшін жалпы 8 млн. теңгеге жуық сомаға 200-ден астам айыппұл салғанын атап өтті.