АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана базарларында ветеринарлық жалған анықтамаларды сату фактілері белгілі болды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті.
«Осыған байланысты ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті шұғыл түрде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Астана қаласы Ішкі істер департаментіне арнайы хат жіберді», - деді С. Хасенов.
Оның сөзіне қарағанда, министрлік тарапынан елорда базарлары мен әкімдіктің ветеринарлық бөлімшелері қызметтерін тексеру мақсатында комиссия құрылды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.