Астана: бес студент тамақтан уланып қалды

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Елордада С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетінің бес студенті тамақтан уланып, инфекциялық ауруханаға түсті.

ҚазАқпаратқа бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Төтенше оқиға оқу орнының Интернациональный кентіндегі жатақханаларының бірінде кеше, наурыздың 18-і күні орын алған. Төтенше жағдайлар ведомствосынан хабарлағандай, 20-21 жастағы жігіттерге «орташа ауыр деңгейдегі өткір гастроэнтерологиялық колит» диагнозы қойылып отыр.