«Астана - бейбітшілік пен болашақ қаласы» көрмесі ашылады

None
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қазіргі заман өнері мұражайында «Астана - бейбітшілік пен болашақ қаласы» көркем көрмесі ашылады. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтына мұражайдың ғылыми-ағарту тобының жетекшісі Дәметкен Бекова мәлім етті.

«Астана - бейбітшілік пен болашақ қаласы экспозициясы» еліміздің бас қаласының түркі әлемінің астанасы деп жариялануына арналып отыр. Мұнда мұражай қоры мен суретшілердің жеке жиынтықтарынан 38 жұмыс ұсынылатын болады. Көрме Астана қаласы Мәдениет басқармасы мен Суретшілер одағы қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылып отыр», - деді Дәметкен Бекова.

Көрмеге жас қылқалам шеберлерімен қатар елорданың Алексей Терехов, Лариса Жанпейісова, Камиль Муллашев сияқты танымал суретшілері де қатысуда. Онда «Даладағы сағым», «Жаңбырдан соң», «Қонақжай аудандар» туындыларын көруге болады. Суретшілер полотноға еңбек адамдары мен қаланың ең көрікті жерлері - Есіл өзенінің жағасын, Президент резиденциясы Ақорданы, гүлзарлар мен зәулім үйлерді арқау еткен.

Көрме 14 қарашадан 3 желтоқсанға дейін өтеді.