«Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшелерінің қиылысын су алып кетуіне жобалау кезіндегі қателік себеп болып отыр. Су іркуіштің аумағы дұрыс есептелмей, осы себепті қуаттылығы төмен су сорғылар орнатылып қойған», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов.
Әкімнің орынбасары ендігі кезекте аталмыш участокты жаңғырту жұмысы жүргізілгені жатқанын атап өтті.
«Тазарту құрылымдарын басқару - штатты басқару жүйесінде. Қосымша біз ол жерде күрделі кезеңде туындаған жағдайда ТЖК бөлімшелерінің қозғалмалы сорғылы станцияларын орнаттық. Сонымен қатар, аталған нысан бойынша жаңғырту бойынша жоба басталды. Жұмыс 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталады», - деді әкімдік өкілі.
Айта кетсек, бұдан бұрын Астана билігі нөсерден кейінгі жағдайға байланысты халықтан кешірім сұраған болатын.