Астана қалалық әкімдігінен мәлім еткендей, қалалық білім беру ұйымдарында оқу жылының бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ата-аналар жиналыстарын өткізу басталды.
«Жиналыстар барысында білім беру ұйымдарының басшылары бюджет қаражатын игеру мен бөлуге қатысты есептерін ұсынып, оқу-тәрбие жұмысын және тамақтануды ұйымдастыру мәселелерін талқылайтын болады. Сондай-ақ Қамқоршылық кеңестерінің құрамы бекітіледі», - деп мәлім етті Білім басқармасынан.
Білім басқармасы ата-аналарды жиналысқа қатысып, белсенділік танытуға шақырады. Жиналыстар 4 қаңтар күні сағат 18:30-да жалпы орта білім беру ұйымдарында (мектептер), 9 қаңтарда сағат 18:30-да балабақшаларда, 10 қаңтарда қалалық колледжерде өтеді.