Астана-Бішкек рейсінің жолаушыларын бомба туралы хабардың әлегінен бір сағаттан астам уақыт бойы ұшақтан шығармады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін аэровокзал ғимаратына мина қойылғаны туралы жалған хабардың әлегінен Қырғызстан астанасындағы «Манас» халықаралық әуежайының жұмысы бірнеше сағат бойы тұралады.

ҚР МҰҚК баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, таңғы сағат 7-ге таман «Манас» халықаралық әуежайының электронды мекен-жайына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы анаонимді хабар келіп түсті. Сағат 8-де шекара қызметіне әуежайға бомба қойылғаны туралы дабыл түсті. Бір сағаттан кейін, сағат 9-да лаңкестік акті әзірленіп жатқаны туралы осындай қоңырау ҚІІБ-на да берілді.

Осы ақпаратты алған бойда құқық қорғау органдары аэровокзал ғимаратынан адамдарды шығара бастады. ҚР МҰҚК саперлері аумақты және оның маңайын қарауға кірісті.

«Астана-Бішеке рейсімен келген «Air Astana» жолаушыларын қауіпсіздік мақсатында бір сағаттан астам уақыт бойы авиалайнердің салонынан шығармады.

«Ұшақтан шығармай жатыр, әуежайда дабыл, бомба қойылды деген хабар бар», - деп жазды Твитерде жолаушылардың бірі Азамат Тынаев. Ол кейіннен «арнайы қызмет қызметкерлері, иттер және кинологтар машинаға отырып кетіп қалды», деп хабарлады. ҚР МҰҚК мен «Манас» әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі бірлескен әуежай ғимаратын және ұшып кететін рейстерді қарау барысында құрылғы табылған жоқ. Бірқатар уақыттардан кейін әуежай штаттық режимде жұмыс жасай бастады.

Алдын ала ақпарат бойынша жалған хабар белгісіз ІР-мекенжайынан жіберілген. МҰҚК анонимді хабарлама жіберушіні анықтау жұмыстарына кірісті.

Сондай-ақ арнайы қызмет өкілдерінің ұсынысымен «Манас» халықаралық әуежайы әкімшілігі әуежайжағы және маңайдағы аумақта, сондай-ақ ұшып келетін және кететін рейстерде қауіпсіздік шараларын күшейтті.