Елордалық клуб кейінгі ойындарда ұпай жоғалтып келеді. Соңғы бес кездесуде екі мәрте тең түсті. Осының салдарынан қарсыластарынан ұзап кетуге мүмкіндік болмай отыр.
Елордалық клуб өз алаңында «Атыраумен» 0:0 есебімен тең нәтижеге қанағат білдірді.
Айта кетсек, алғашқы айналымда да командалар дәл осындай есепке қанағат білдірген еді.
Ал жүлделі орындардың бірінен үміткер саналып жүрген «Ақтөбе» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» 1:0 есебімен сүріндірді.
Дәл қазір «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойнап жатыр. Бірінші кезеңнен кейін петропавлдық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсуде.
Ал 23 шілдеде 18:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау), 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Мақтарал» (Түркістан) ойнайды.
Бұл турды 21:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Жетісу» мен «Ақсу» тең түсті.