Астана бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы ауысты

Фото: Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

АСТАНА. KAZINFORM — Мұрат Оразбай Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқарады, деп хабарлайды Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің баспасөз қызметі.

— Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аппараты басшысының бұйрығымен Мұрат Асқарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Мұрат Оразбай — мемлекеттік аудитор, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын жетекші маман қызметінен бастап, мемлекеттік аудит жүйесінде және орталық мемлекеттік органдарда мол тәжірибе жинақтады. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде түрлі басшылық және сарапшылық лауазымдарды атқарды. Жаңа тағайындауға дейін Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңа басшыны ұжымға Эрнар Бөрібайұлы Ержанов таныстырып, департамент қызметінің негізгі басымдықтарын атап өтті және қойылған міндеттердің сәтті орындалуына ізгі тілектерін білдірді.

Осыдан бұрын Марат Әшім Президенттің кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.