Бүгін УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Қортындысында елордалық клуб «Астана» шотландиялық «Селтикпен» кездесетін болды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының алдыңғы маусымының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» «Селтикке» 2:3 есебімен жол берген болатын.
Екі команданың алғашқы кездесуі 15-16 тамыз күндері болады деп күтілуде.