Астана циркінде ресейлік және украиналық әртістер өнер көрсетуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қыркүйекке дейін әр демалыс сайын астаналық цирк балаларды «Еуропадан супер-шоу» бағдарламасын тамашалауға шақырады. Ресейлік және украиналық әртістер көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлайды.

Өткен демалыс күндері бағдарламаның алғашқы қойылымы болып өтті. Бұл қайырымдылық шара балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылды. «Бағдарлама аясында акробаттық нөмірлерге басымдық беріледі, арнайы үйретілген аңдарымыз бар, сайқымазақтар түрлі өнерлерін паш етеді»,- дейді цирк қызметкерлері. Айта кетейік, 5 жасқа дейінгі балаларға циркке кіру тегін, деп хабарлайды astana.kz.