«Астана» ЦСКА-дан ұтылды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - «Астана» командасы ВТБ лигасының матчында Мәскеудің ЦСКА-на есе жіберді - 69:88,

деп хабарлады Sports.kz.

12 ұпайдан жинаған «Астана» құрамындағы Джерри Джонс пен Брион Раш үздіктер қатарынан орын алды. Ал Янис Блумс - 10, Оласени Лавле, Дмитрий Климов пен Пэт Калатес 8 ұпайдан, Андрия Жижич - 5, Анатолий Колесников - 4, Бранко-Цветкович 2 ұпайдан жинады.

18 қаңтар күні «Астана» Самарада «Красные Крыльямен» кездеседі.

ВТБ бірыңғай лигасы. Жүйелі чемпионат. 11-ші тур.

«Астана» (Астана, Қазақстан) - ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 69:88 (20:24, 14:18, 18:22).