«Достарым, ертең Астанада, Орталық концерт залында сағат 18-30-да біз Қытайдағы «Singer-2017» халықаралық конкурсынан үлкен жеңіспен Отанына оралған Димаш Құдайбергенге құрмет көрсететін боламыз. Кіру тегін, барлығын осы шараға қатысуға шақырамын. Достар, Димашты бірге қарсы алайық», - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Айта кетейік, қазақ әншісі Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетіп, екінші орынды жеңіп алды .
Шешуші бәсекеде Димаш Шаң Венжемен бірге Майкл Джексонның «The Way You Make Me Feel», «Erth song» және «Billie Jean» әндерін шырқады. Сондай-ақ, көрермендер Димаштың барабан аспабында шебер ойнайтындығына тәнті болды.