«Астана» екі жеңіске қол жеткізді - Винокуров «Тур де Франс» қорытындысын жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде Елисей алаңына (116 км) дейін дәстүрлі кезең «Тур де Франс» 105 суперкөпкүндік жарысы аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА astanaproteam.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кезеңде норвегиялық велошабандоз Александр Кристофф жеңіске жетті. Қорытынды кезеңнің алдында британдық Герейнт Томас жарыстың жалпы есебінде жеңімпаз атанды. Томас Олимпиадада, әлем чемпионаты мен «Тур де Франс» бәсекесінде жеңімпаз деп танылған алтыншы жарысушы.

«Астана» капитаны Якоб Фульсанг жалпы жіктелімде 12-орынға орналасса, Танел Кангерт 16-орында тұр. Қазақстандық команданың есебінде Омар Фраиле мен Магнус Корт жасаған екі жеңіс бар.

«Тур де Франс» аяқталып, осы жеңістерді тойлап жатырмыз. Біз командалық рух мен командалық жұмысты, сондай-ақ Омар Фраиле мен Магнус Корттың жеңісін мақтан тұтамыз. Одан кейін «Вуэльта Испанияға» кірісеміз», - деді «Астананың» бас менеджері Александр Винокуров.

Еске салайық, 21 кезең жаппай спринтпен аяқталды. Онда норвегиялық Александр Кристофф жеңімпаз атанды. «Үлкен Ілмек» бас жіктелімінде британдық Герант Томас жеңіске қол жеткізген еді.