Бұл туралы Vesti.kz сайты жазды.
Mebar M440 жол талғамайтын көлігін басқарған Бауыржан Исабаев пен Дмитрий Югай Сантьягоның Ла-Сиренасынан басталған жарыста келеңсіздіктерге тап болды. 625 шақырымдық жарыс жолды қазақстандық экипаж 7 сағатта еңсерді. Олар 14-інші кезеңнің жеңімпазы «Минидің» тізгінін ұстаған испандық Хоан Нани Ромеден 5 сағат 15 минут 50 секундқа кешікті.
Айта кетейік, қазақстандық экипажға бір сағат көлемінде айып салынды.
"Дакар"-2013. Жол талғамайтын көліктер. 14-інші кезең:
1. Хоан Нани Рома (Испания, "МИНИ") - 01:44.10;
2. Орландо Терранова (Аргентина, "БМВ") 0.13;
3. Лусио Эсекьель Альварес (Аргентина, "Тойота") 0.31;
4. Жиньель Де Вильер (ОАР, "Тойота") 1.27;
5. Герлен Шишери (Франция, "СМГ") 2.05;
6. Робби Гордон (АҚШ, "Хаммер") 2.17;
7. Леонид Новицкий (Ресей, "МИНИ") 2.34;
8. Карлос Соуза (Португалия, "Грейт Уолл") 3.19;
9. Джоффри Олхолм (Австралия, "Тойота") 3.22;
10. Стефан Петерансель (Франция, "МИНИ") 3.43;
...
91. Бауржан Исабаев (Қазақстан, "Астана") 5:15.50.