Астана экономикалық форумы «Үлкен жиырмалыққа» төрағалық еткен РФ-ның аутрич шараларының бағдарламасына енгізілді
Бұл туралы аталған экономикалық форумды ұйымдастырушылар хабарлайды.
Бұндай шешім Қазақстан делегациясының 2013 жылдың наурыз айында «G 20 Sherpa's meeting» қатысушы - мемлекеттер шерптерімен кездесуінен кейін қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей 2012 жылғы 1 желтоқсаннан бастап әлемнің 19 ірі ұлттық экономикасын және Еуроодақты біріктіретін G20 форумының төрағасы болды. Ресейлік «жиырмалық» форумының басты іс-шарасы 2013 жылы 5-6 қыркүйек күндері Санкт-Петерборда өтетін мемлекет басшыларының саммиті болмақ. Ресей төраға ретінде, «Жиырмалық тобына» мүше емес мемлекеттер мен халықаралық және аймақтық ұйымдармен қатынаста болып, «Үлкен жиырмалықтың» көшбасшылары шешімдерін жүзеге асыру мақсатында G20 заңды және тиімді жұмысы үшін «аутрич» форматында кең диалог алаңын ұйымдастырмақ.
Айта кету керек, G20 төрағасы экономикалық қаржы мәселелерінің ең маңызды аспектілерін шешудегі серіктесі ретінде Астана экономикалық форумын атады. РФ өкілдері ағымдағы жылғы 22-24 мамырда болатын VI Астана экономикалық форумы (АЭФ) және Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы Конференциясы (ДДК) аясында өтетін аутрич-шараларына қатыспақ. АЭФ және ДДК барысындағы ұсыныстар мен кеңестер «Үлкен жиырмалықтың» деңгейінде де талқылауға шығарылмақ. Бұл өз тарапынан әлем экономикасы бастан кешіп отырған негізгі мәселелер бойынша «Үлкен жиырмалықтың» дискуссиясына өз септігін тигізеді, дейді ресейліктер.