Туристік қызметтен бөлек, тараптар инвестициялық климатты жақсарту, инвестициялық тартымдылықты арттыру бағытында қолғабыс етіп, тәжірибе алмасуға сондай-ақ, әкімшілік формальдылықты жеңілдетуде өзара көмек беруге ниетті.
«Алдағы ЭКСПО осы уақытқа дейін өткізілгендерге қарағанда үздік болатынына күмән жоқ. Істеп жатқан жұмыстарыңыз - өте маңызды», - деді Татарстан Республикасының президенті.
Айта кетейік, халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өтеді. Көрмеге 2 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлануда.