«2018 жылы Астана қаласынан республикалық бюджетке 800 млрд астам теңге аударылады, бұл республикалық бюджеттен түскен 155 млрд теңгені құрайтын трансферттер көлемінен бес есеге көбірек», - деді қала әкімі «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында өткен жиналыста.
Оның айтуынша, 2018 жылы жалпы халықтың шамамен 6,6% Астана қаласында тұрып жатыр. Қала республикалық ЖІӨ 10%-ін өндіреді және инвестициялардың 9,5%-ін және мемлекеттік бюджетке кірістердің 13%-ін шоғырландырады.
Бұған дейін қала әкімі халықтың көбеюі салдарынан ең көп ауыртпалық мемлекеттік қызметшілерге түскенін атап өтті. Сонымен бірге, әкім өткен жылы 9 құрылымдық бөлімшенің қысқартылғанын жеткізді.