АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 9-турында «Астана» сырт алаңда «Оқжетпеспен» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елордалық клуб турнир кестесінде көш басында келеді. Ал көкшетаулық команда орта тұсында тұр.
Соған қарамастан бүгінгі кездесуде есеп ашылған жоқ. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Енді аталған турда 14 мамырда «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары ойнайды.
Еске салсақ, 13 мамырда «Каспий» «Ақсудан», «Қызылжар» «Жетісудан» 1:0, «Атырау» «Шахтерден», «Ордабасы» «Мақтаралдан» 2:1 есебімен басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.