Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау ұйымынан хабарлады.
Айта кетейік, 1 қазанда елімізде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Осыған орай, егде жастағы адамдарға қоғам назарын күшейту, қариялардың мәселелерінің маңыздылығын арттыру, қоғамда әлеуметтік бірігуі мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен 2013 жылғы 1 қазанда республика бойынша аталған мерекеге байланысты декада басталады.
Медицина мекемелерінде терапевт, кардиолог, эндокринолог, невропатолог, психолог мамандары және әлеуметтік жұмыскерлер кеңестер береді. Сонымен қатар, қарттар қант, холестерин деңгейлерін анықтап, қан қысымдарын өлшетеді. «Қартайған шақта дұрыс тамақтану» сауалатты өмір салты бойынша кеңестер алады», - делінген ақпаратта.
Бұдан басқа, қалалық емханаларда қарияларға арналған мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік бағдарламалар мен сыйлықтар әзірленді.