Іс-шара Ақбидай көшесі, 15 мекен-жайында орналасқан «Орман зауыты» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында өтеді. Акция барысында Астана қаласының емханаларынан құралған дәрігерлер бригадасы аудан тұрғындарын қарап, кеңестер беретін болады.
Акцияның мақсаты - шағынаудан тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесіне қоғам мен билік органдарының назарын аударту, сонымен қатар әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу мәселесі бойынша тұрғындары арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу және практикалық көмек көрсету.