Қазіргі таңда «Астананың» еншісінде - 3,5 ұпай, «Қайрат» пен «Ертісте» - 2,5, ал «Ордабасыда» 0,5 ұпай бар. Бұл ретте, еурокубоктағы жарысты тек елордалық футболшылар жалғастырады. Жалпы көрсеткіш - 9 ұпай төрт командаға бөлініп, нәтижесінде ағымдағы маусымдағы Қазақстанның коэффициенті 2,250-ті құрады. Бұл көрсеткішпен еліміз УЕФА маусымының рейтингінде 17-орында тұрақтады.
Еске салсақ, кеше «Астана Арена» стадионында «Астана - Селтик» матчы өтіп, елордалық команда меймандарды 4:3 есебімен жеңді.