«Астана» Еуропа лигасында АПОЭЛ-ден ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» клубы Никосияда (Кипр астанасы) Еуропа лигасы топтық кезеңінің бірінші кездесуінде АПОЭЛ-ге жол берді, есеп - 1:2, деп хабарлайды Sports.kz.

Жанкүйерлердің елорда клубы Премьер-Лигада алматылық «Қайратпен» өткізген сәтсіз ойыннан кейін еурокубокта кипрліктер ұтады деген үміті ақталмады. Қорғаныстағы мықтының бірі  Юрий Логвиненко жарақат алып қалған соң күткендегйдей нәтиже болмады. 

Станимир Стоиловтың бастапқы құрамында екі шабуылшы - Джордж Деспотович мен Жуниор Кабананга болды, сол кезде Патрик Твумаси запаста отырды.

Алаң иелері алғашқы минуттан бастап шабуылға көшті. Ойынның 11-ші минутында Деспотович жақсы доп бағыттағаны мен қақпаға кірмеді.

Кипрліктер шабуыла соңына қарай азайды, тайм соңында шаршағаны білініп тұрды, алайда «Астана» осыны сәтті жақсы пайдалана алмады. Соңына қарай алыстан бағытталған Неманьи Максимовичтің соққысы қақпаның төменгі бұрышына соғылып кіріп кетті, есеп - 0:1.
Үзілістен кейін «Астана» шабуылды үдетті. Алайда допты кипрліктер қағып алып, айып алаңы маңынан шығармады.

Екі команда да ойыншыларды ауыстырды. Алаңға  Факундо Бертольо мен Патрик Твумаси шықты. Алайда екі жақтан да жасалған шабуыл нәтиже бермеді.  Эрич соққан кезекті айып добын Винисиус қақпаға бағыттады. Есеп теңесті.  Асхат Тағыбергенді Серікжан Мужиковпен алмастыру «Астананың» қорғанысқа көшкендігін көрсетті, осы тұста қарсы жақ алаңға тәжірибелі шабуылшы Вандерді шығарды. Ойынның соңғы минуттарында АПОЭЛ гол салды, оны ойыншы алмастырған Игор де Камарго жүзеге асырды - 2:1. Бұл ойынның соңғы голы еді.
29 қыркүйекте «Астана» швейцариялық «Янг Бойзбен» кездеседі. Матчтың басталуы сағат 21:00-де.

АПОЭЛ (Никосия, Кипр) - «Астана» (Астана, Қазақстан) 2:1 (0:1)

Голдар: Максимович 45 1 (0:1), Винисиус 75 (1:1), де Камарго 87 (2:1)
Ескерту: Мораиш 61, Винисиус 63, Вандер 90 5 - Каньяс 29, Шомко 33, Твумаси 66, Мужиков 72, Тағыберген 85, Шитов 90 1
АПОЭЛ: Ватерман, Лаго, Карлао, Эфрем (де Камарго 70), Орланди (Бертольо 56), Винисиус, Сотириу, Миланов, Астис, Мораиш, Янниотас (Вандер 78)
«Астана»: Эрич, Аничич, Максимович, Мужиков (Магыберген 77), Деспотович (Твумаси 57), Шитов, Бейсебеков, Малый, Кабананга (Нөсербаев 70), Шомко, Каньяс
Бас төреші: Александар Ставрев (Македония).

ФОТО: sports.kz