«Астана» Еуропа Лигасында ең көп гол салған командалардың үздік бестігіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА-ның мәліметтеріне сәйкес, «Астана» Еуропа Лигасының іріктеу сынында ең көп гол салған командалардың үздік бестігіне енді.

Бұл тізімде екінші раундтан бастап, 4 матч қана өткізген және соған қарамастан 17 гол салған ресейлік «Краснодар» көш бастап тұр. Екінші орынға словакиялық «Спартак» жайғасты. Үздік үштікті норвегиялық «Тромсе» түйіндеді.

Тізім: 1. «Краснодар» (Ресей) - 17 гол (4 матч); 2. «Спартак Трнава» (Словакия) - 15 гол (6 матч); 3. «Тромсе» (Норвегия) - 14 гол (6 матч); 4. «Стьярнан» (Исландия) - 13 гол (6 матч); 5. «Астана» (Қазақстан) - 13 гол (6 матч). Еске сала кетейік, «Астана» үшінші кезеңде шведтердің «АИК» командасын екі ойын қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңген болатын.