«Астана» Еуропа лигасында «Санта-Коломамен» тең түсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы аясындағы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды. Елордалық «Астана» сырт алаңда Андорраның «Санта-Колома» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Санта-Колома» жарысты аталмыш турнирдің алдынала іріктеу сатысынан бастады. Алдымен, алдын ала іріктеудің жартылай финалында Сан-Мариноның «ТиреПенне» командасын 1:0 есебімен жеңіп, одан кейін финалда Косовоның«Ферроникели» клубына 1:2 есебімен жол берді. Осылайша, Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысынақатысатын болды.

Бүгінгі «Астана»- «Санта-Колома» матчы Андорра-ла-Велья елдімекеніндегі 1600 адам сиятын «Комуналь» стадионында өтті. Бұлелдімекенде 3 мыңға тарта адам тұрады.

«Санта-Колома» «Астанаға» лайықты қарсылық көрсете алды. Біріншікезеңде ойын тізгіні негізінен елордалық футболшылар қолында болды. Десе де, алаң иелері қарсы шабуыл ұйымдастырды. Бұл кезеңде «Астананың»гол соғатынекі мүмкіндігі болған еді. Дегенмен,оны елордалық футболшылар орындай алған жоқ. Оның бірінде доп қақпа бағанасынатиіп, кейін серпілді.Екіншісінде алаң иелерінің қақпашысы әбжілдік танытты. Кездесу 0:0 есебімен теңаяқталды.

Ендіекікоманда 1 тамызда қарымта ойын өткізеді. Бұл кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.Жеңімпаз команда жарыстың келесі сатысында бүгінгітаңда Чемпиондар лигасы екінші сатысында сынға түсіп жатқан «Ференцварош»(Венгрия) және «Валлетта» (Мальта) жұбының жеңілген командасымен шеберлікбайқасады.

Сондай-ақ, Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде 25шілдеде сырт алаңда Алматының «Қайраты» «Хапоэль» (Безр-Шева), Шымкенттің «Ордабасы»клубы Чехияның «Млада-Болеслав»командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар